Егер біз Құдайдың уәделерін бұзып, киелілік пен тақуалықтан бас тартсақ, біз сотталуға ұшыраймыз. Құдайдың әлемге шығарған үкімінің артында – Нұх пайғамбардың заманында, Содом мен Ғоморада және осы соңғы дәуірде – ортақ бір жіп жатыр: адамдар Құдайды тастап, бүлікшіл, зұлым және азғын болып кетті.
Бүгінде, Нұх сияқты, әлі көрінбеген нәрселерге берік сенім арту керек. Құдайдың зұлым әлемді отпен соттайтыны туралы Киелі кітаптағы пайғамбарлыққа сеніп, Құдайдың шіркеуі әлемді апаттардан құтқаруға уәде берген жаңа келісім Құтқарылу мейрамын уағыздайды.
Тәңір Иенің бұйрығына сай топан су кенеттен көне заманғы дүниені басып, адамзатты жойып жіберді. Сол сияқты, Құдай Өзінің әмірімен осы қазіргі аспан мен жерді де әділетсіздердің сотталып, тозаққа түсетін күні отпен қиратуға қалдырып отыр. Петірдің 2-хаты 3:6–7
...Бұл — Маған, Жаратқан Иеге, арналған Құтқарылу асы... Жағылған қан сендердің отырған үйлеріңді көрсететін белгі болады. Сонда қанды көріп, соқпай өтіп кетемін. Мен Мысыр елін қырғынға ұшыратып жатқан кезде сендер бұл күйретіп жатқан соққыдан түгелдей аман қаласыңдар. Мысырдан шығу 12:11–13
119 Bundang P.O.Box, Bundang-gu, Seongnam-si, Gyeonggi-do, Rep. of KOREA
Tel 031-738-5999 Fax 031-738-5998
Head Office: 50, Sunae-ro, Bundang-gu, Seongnam-si, Gyeonggi-do, Rep. of Korea
Main Church: 35, Pangyoyeok-ro, Bundang-gu, Seongnam-si, Gyeonggi-do, Rep. of Korea
ⓒ World Mission Society Church of God. All rights reserved. Privacy Policy